«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» 5-ші республикалық педагогикалық олимпиадасы басталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Дарынды балаларға - дарынды ұстаз» бесінші республикалық педагогикалық олимпаиада бастау алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымымен өткізіліп отырған байқауға еліміздің әр түкпірінен 110 үміткер қатысуда. Мұнда негізінен пән ұстаздары, психологтар, магистранттар мен студенттер қамтылған. Екі күндік байқау барысында педагогтардың біліктілігі,олардың оқу-әдістемелік құралдарымен жұмыс жасауы, жоғары инноваицялық білім беру жүйесін меңгеруі, олимпиадаға қатысушылардың өзіндік дайындығы айқындалмақ. Іс- шара аясында тәжірибе алмасу, орталықтың әдістемелік жинақтарымен танысу, жобалар мен идеяларды қорғау қарастырылған. Олимпиада қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандар дипломдар және мақтау қағаздарымен марапатталып, мерекелік қойылым ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар