12:57, 10 Шілде 2013 | GMT +5
Демалыс күндері 4 адам суға кеткен - ОҚО
ШЫМКЕНТ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Сырдария өзеніне 6 шілде күні елорданың 55 жастағы тұрғыны батып кетті.
Оның мәйіті судан келесі күні шығарылды.
Қайғылы оқиға 7 шілде күні Түлкібас ауданында да орын алды. 25, 20, 19 жастағы үш ер адамның ажалы судан болған. Қазір олардың қаза табуының себептері анықталу үстінде.
Жалпы өңірде 1 мамырдан бері 17 адамның суға кеткені тіркеліп отыр. Олардың ішінде 8-і балалар.
Құтқарушылардың айтуларынша, көбіне шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы қайғылы жағдайға соқтырады.