Демалыс күндері Гранитный кентінде орналасқан колониядағы жұмыс тобы сотталушылардың 80-ге тарта туыс-туғандарын қабылдады

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Өткен демалыс күндері Ақмола облысы, Гранитный кентінде орналасқан колониядағы жұмыс тобы сотталушылардың 80-ге тарта туыстары мен жақындарын қабылдады, қамау мекемесінде таксофондар қайта жұмыс істей бастап, кездесулер мен сәлемдемелерді қабылдау қайта басталды, деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде.
None
None

Білікті комиссия үш күн ішінде Гранитный кентіндегі ЕЦ-166/25 мекемесінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жұмыс тобының мүшесі Ринат Кәбиевтің айтуынша, тамыздың 13-і мен 15-і аралығындағы кезеңде аталмыш мекемеге өз жазасын өтеп жатқандардың 80-ге тарта туыс-туғындары мен жақындары келген.

Өткен демалыс күндері 400-ден астам сотталушы таксофон арқылы туыс-туғандарымен тілдесе алды. Тамыздың 15-і күні мекемедегі ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге арналған бөлмелер қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлады Р.Кәбиев.

Соңғы жаңалықтар