Денис Тен Жапония мен Қазақстан арасындағы достықтың символына айналды - Синдзо Абэ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Жапония мен Қазақстан арасындағы достықтың символына айналды. Осындай ойын Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Назарбаев университеті студенттеріне оқыған дәрісі барысында жеткізді, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
None
None

Еске сала кетейік, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 26-28 қазан аралығында Қазақстанға ресми сапарымен келген болатын. «Көкжиектің арғы бетінде Жапония елі бар. Жапон халқы сіздерді өте құрмет тұтады. Біз қалай өзіміздің даңқты мәнерлеп сырғанаушымыз Мао Асаданы құрмет тұтамыз. Тура солай Денис Тенге деген ықыласымыз ерекше», - деді Жапон Үкіметінің басшысы. Тен күншығыс елінде өте беделді спорт түрі мәнерлеп сырғанау бойынша өте танымал. 2015 жылғы чемпионат барысында жергілікті метро Денис Теннің суретімен безендірілгенін атап өту керек. Денис жапон мұз шоуы ұйымдастырушыларынан үнемі шақырту алады. Токиода өткен командалық чемпионатта екі рет құрметті қонақ ретінде қатысты. Сондай-ақ Денистің Жапонияда фан-клубы бар. Олар спортшымен бірге саяхаттап жүреді. «Денис Тен және достар» мұз айдыны шоуына жылда күншығыс елінен 500 турист келетіні белгілі. 2014 жылы шоудың көрігін атақты екі жапон спортшысы Мао Асада мен Даесукэ Такахаси қыздырды. Дәл қазір төрт құрлықтың чемпионы Тен Алматыда медициналық тексеруден өтпек. Айта кетейік, ол өткен аптада «Skate America» 2015-2016 гран-при кезеңінде жамбас сүйегі жарақатымен өнер көрсеткен болатын. Енді ол Бордода 13-15 қарашада өтетін «Trophee Eric Bombard» байқауында бақ сынамақ. Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматыда туған. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, президенттік «Астана» кәсіби клубының мүшесі, ҚБТУ студенті.

Соңғы жаңалықтар