«Денсаулық фестивалі-2010» іс-шарасы бүкілхалықтық сипат алды - Көкшетау қаласы
Салауатты өмір салтын қалыптастыруды кеңінен насихаттауды мақсат еткен игі істің ұйытқысы болған - облыстық және қалалық әкімдіктер, денсаулық және спорт басқармалары. Облыс орталығының бас алаңында мемлекеттік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктері, білім ошақтары, кәсіпорындар мен шағын бизнес, мемлекеттік мекемелер өкілдері сап түзеп, Президенттік миль бойынша сайысқа қатысты. Жылдағы дәстүрге сәйкес өткізілген биылғы фестиваль «Дұрыс тамақтан. Спортпен өмір сүр. Денсаулығыңды сақта» ұранымен өткізілді.
Алаңда кикбоксинг, көркем гимнастика, шығыс өнерлерінен көріністер ұсынылып, келушілер қалалық денсаулық бөлімінің ұйымдастыруымен жасақталған қоста дәрігерлерге көрініп, қан қысымын өлшетіп, тиісті ақпарат алуға мүмкіндік алды. Спорттық шаралар облыс орталығындағы «Юбилейный» стадионында, қала сыртындағы демалыс бағында, Красный яр ауылында, Станционный кентінде де ұйымдастырылған. Алаңда спортты дамытуға арналған насихаттық көрмелер ұсынылып, сауалнама өткізілді.