08:57, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Денсаулық фестивалі Павлодар облысының барлық қалалары мен ауылдарында өтетін болады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Дұрыс тамақтан. Спортпен өмір сүр. Денсаулығыңды сақта!» атты ұранмен өтетін «Денсаулық фестивалі-2010» байқауы қыркүйектің 11-і күні Павлодар облысының барлық қалалары мен ауылдарында өтетін болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл күні спорттың әр түрі бойынша өткізілетін шараларды стадиондар, спорттық алаңдар, саябақтар мен көшелерде тамашалауға болады. Акцияға мектеп оқушылары, студенттер, мекеме мен кәсіпорындар қызметкерлері қатысады.
Қала тұрғындары балаларын әртүрлі спорт үйірмелеріне жаздыра алатын спорттық мекемелер көрмесі өтеді. Акцияның соңында бұқаралық жүгіріс басталады.