«Денсаулық» медициналық пойызы 27 мыңға тарта адамды қабылдады

Пойыз Қарағанды аймағында өз жұмысын аяқтап, қазір Семейдің шалғай аудандарына сапалы және тегін қызмет жеткізді.
Қазіргі таңда дәрігерлер бригадасы 27 585 адамды қабылдап, денсаулықтарын тексеріп, емдеп берді, олардың арасында 3069 бала да бар.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, дәл қазір 2010 жылдың аяғына дейін тағы да осындай екі медициналық пойызды іске қосу мәселесі шешілуде.
«Тамыздың 12-сі күні Астанада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының отырысында «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мәмин атап өткендей, компания 2010 жылдың соңына дейін тағы да осындай екі емдеу-диагностикалық құрамды іске қосу мәселесі бойынша жұмыстар атқарып жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.
«Денсаулық» пойызы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның бірлесуімен ұйымдастырылған.