08:14, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
«Денсаулық» пойызының дәрігерлері Павлодар облысы ауылдарының тұрғындарын қабылдауда
ПАВЛОДАР. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Денсаулық» пойызының терапевт, балалар дәрігерлері, тіс дәрігерлері, урологтары мен хирургтарының Павлодар облысындағы алғашқы емделушілері Май стансысының тұрғындары болды.

«Медицина құрамындағы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ мен «ҚР ТЖМ медициналық апаттардың теміржол ауруханалары» АҚ-ның заманауи құрылғылармен жабдықталған вагондары шалғайда тұратын халықтың тұрғылықты жері бойынша ем қабылдап, тәжірибелі дәрігерлердің кеңесін алуларына мүмкіндік береді», - деп атап өтті құрметті теміржолшы, еңбек ардагері Әби Сарқыншақов.
Астанадан «Денсаулық» пойызының аттанғанынан бері бір жарым ай ішінде 22 ауылдың тоғыз мың тұрғыны дәрігерге қаралған.
Май стансысында пойыз 55 сағатқа тұрақтады. Бүгін, тамыздың 17-сі күні пойызды Көктөбе ауылының тұрғындары қарсы алмақ.
Медициналық пойыздың келесі аялдамалары - Ақсу-2, Маралды, Құрғамыс, Қалқаман, Майкин, Шідерті мен Бозшакөл стансылары болады.