Денсаулық сақтау министрлігі Елбасы жүктеген міндеттерді талқылады

Жоспарға сәйкес, халықтың дәрілік заттарды қолдануға қатысты ақпараттандыру деңгейін арттырудың іс-қимыл тетіктерін әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс тобы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілді. Оның құрамына министрліктің, ведомствоға бағынысты ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы нормативтік-құқықтық актілерді, ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеуге, халықтың «дәрілік сауаттылығын» арттыру бойынша іс-шаралар кешенін қабылдауға бағытталған іс-шаралар жоспарын егжей-тегжейлі қарайды.
Бұдан бөлек, министрлік халықты ақпараттандыруды және дәрілік формулярды қоса алғанда Ұлыбританияның, Германияның дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі оң тәжірибелерін зерттеуде. Атқарылған іс-шаралардың шеңберінде халықтың дәрілік заттарды қолдануға қатысты ақпараттандыру деңгейін арттырудың іс-қимыл тетіктері әзірленіп, енгізіледі, сондай-ақ бірқатар дәрілік заттарды рецептпен босату және пациенттің дәрі-дәрмектік көмегін алу жауапкершілігі мәселелері қаралатын болады.
Өз-өзін емдеу жауапкершілігі және халықтың дәрілік заттарды тиімді пайдалануы бойынша консультативтік-білім беру орталықтары, сондай-ақ зерттеулер мониторингісі және фармацевтикалық нарықты, бағаны, жанама әсерді, дәрілік заттарды тиімді пайдалануды талдау орталықтары құрылатын болады. Жұмысшы тобының мүшелері аталған жұмыстарды облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, оның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары арқылы халықты коммуникацияның қазіргі заманғы құралдарын пайдалана отырып дәрілік заттар туралы ақпараттандыру жөнінде белсендірлендіру туралы ұсыныстар енгізілді.
Қабылданатын шаралар медицина қызметтерінің жоғары сапасын, қолжетімділікті және денсаулық сақтау жүйесінің бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.