«Денсаулықты нығайтуға қолдау көрсетуші мектептер» жобасына 100 білім ошағы қатысуда - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға қолдау көрсетуші мектептер» жобасын жүзеге асырып отырған мектеп басшыларының Х конференциясы өтті, деп хабарлады білім бөлімінен.
None
None

Павлодар облысында білім берумен қатар балаларды сауықтыру ісін қатар жүргізіп отырған мұндай мектептердің саны 100-ге жетеді.

Конференцияда педагогтар шеберлік сабақтарына қатысты, үздік мектептердің тәжірибелерімен танысты. Конференция балаларды мәдени-эстетикалық тәрбие арқылы салауатты өмір салтын насихаттайтын «Әдеби кейіпкерлердің думаны» атты театрландырылған қойылыммен қорытындыланды.

Соңғы жаңалықтар