12:00, 04 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Депутат ауызашар бердi
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - "Береке-А" корпорациясының президентi, облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева ораза тұтқан шымкенттiктерге "Риза" мейрамханасында ауызашар дастарханын жайды,
деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиналған қауым ауызашарда имандылық жолында жүрген ел азаматтарының қадамын жоғары бағалап, жүрекжарды тiлектерiн бiлдiрдi. Халық қалаулысы Р.Оспанәлиева өзi сайланған сайлау учаскесiндегi тұрмысы нашар азаматтарға сый-сияпат көрсеттi.