Депутаттар Астана автобустарында жолақыны қымбаттату ұсынысын қолдады
Депутаттар кезекті сессия отырысында Елорда әкімдігі қаулысының жобасын қарастырып, қолдау білдірді.
Құжатқа сәйкес, жолаушы жол ақысын электрондық картамен төлеген жағдайда жолақы 90 теңге болып қала береді, ал экспресс-маршруттарда - 180 теңге болады. Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы 180 теңгені құрамақ. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қалалық маршруттардағы баға 180 теңге болады, ал экспесс-маршруттарда 250 теңгеге, әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдауда 180 теңгеге дейін көтеріледі.
Қала сыртындағы маршруттарда тариф 1 шақырымға 11,5 теңге болады. Ал электрондық карта 1 шақырымға 8 теңгеден асырмайды.
Аталмыш құжатта электрондық төлем жүйесінде ақау пайда болған жағдайда жолаушыға тегін жүру құқығын беру мәселесі қарастырылған.