Державинск қаласында үш адам иіс тиіп қайтыс болды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында жатаған үйде иіс тиіп, үш адам қайтыс болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өкінішті оқиға 27-ші ақпанда түнде орын алған. ЕЦ-166/26 түзету мекемесінде қызмет етіп жүрген 6636 әскери бөлімнің бақылаушысы пәтер жалдап тұрған. Ал демалыс күнін бірге өткізуге ниет еткен әріптестері қонаққа келген көрінеді. Қуанышты кездесу соңы қайғылы оқиғамен тамамдалып отыр. Түн мезгілінде 1983 жылғы және 1988 жылғы әскери бақылаушылар мен 1988 жылғы азаматша пештің ақаулы болуынан иіс тиіп, көз жұмған. Қазір құзырлы орын өкілдері тергеу амалдарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар