Діни әдебиеттерді заңсыз таратқан БҚО тұрғынына айыппұл салынды
Тасқала тұрғыны А. есімді азамат заңсыз «Евангелие христиан баптистері» қоғамдық діни бірлестік қызметіне жетекшілік жасап және оны қаржыландырып отырған. Сонымен бірге ол заң бойынша тіркелмей 10 жыл бойы аталмыш бірлестікке діни әдебиеттер таратқан.
Заң талаптарын сақтамағаны үшін аудандық сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 374-1-бабының 2-ші бөлімімен айыпты деп тауып, 86 550 теңге айыппұл салған болатын. Бірақ азамат А. сот жазасынан дұрыс қорытынды шығармай, әу бастағы әрекетін жалғастырған. Сот оған екінші мәрте заңсыз діни бірлестіктің қызметімен айналысқаны және кейбір азаматтарды тіркелмеген ұйымға тартқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 377-1-бабының 1-ші бөлімімен 173 мың теңге айыппұл салды.
Аудандық соттың төрағасы Әлібек Ахметовтің айтуынша, діни бірлестіктер құру мен діни әдебиеттер тарату тәртібі заңда анық жазылған. Елдің қауіпсіздігі үшін заң шеңберінен шығуға ешкімнің де құқы жоқ. Ауданда бірлі-жарым болса да жат дінді насихаттайтындар кездесіп жатады. Адамдарды жат діни ағымдарға тартушылар қоғамның тыныштығына қауіпті екені жасырын емес.