Диспансерлік есепте тұрғандарға дәрі-дәрмек тегін беріледі - БҚО

Оның айтуынша, 37 ауру бойынша 100-ден астам дәрілік заттар жергілікті қазынадан, ал 13 ауру бойынша 70-тен астам дәрі түрлері республикалық бюджеттен тегін беріледі. Бұрын дәрі-дәрмекті жеңілдікпен, яғни 50 пайызын төлеп алып жүрген амбулаторияда емделушілер 2012 жылдың басынан дәрі-дәрмекті тегін алуда. Бұл - жағдайы төмен отбасылар мен зейнеткерлер үшін көп көмек. Тегін дәрі диспансерлік есепте тұрғандарға және дәрісі тегін берілетін сырқат түрімен ауыратындарға беріледі. Науқас тегін дәріні дәрігерге барып қаралғаннан кейін жақын маңдағы дәріханадан алады. Ал егер науқас басқа қалада жүрген болса, сол қаланың дәріханасы ол дәріні босатуға тиісті. Дәрілер «Талап» АҚ-ның дәріханаларында босатылады. Облыста осындай 26 дәріханада жұмыс істеп тұр, соның 10-ы - қалада, ал 16-сы аудан орталығында орналасқан. Тегін дәрілер дәрігердің рецепті бойынша жеке бас немесе баланың туу туралы куәлігі, сондай-ақ оның нотариуспен шандырылған көшірмесімен де беріледі.
Жергілікті бюджеттен тегін дәрілер мына фактор-диагноздар бойынша беріледі:
- жаңа туған екі айға дейінгі сәбилер, бала мен ана қобдишасы, емшектен ерте қалған, жасанды немесе аралас сүтпен қоректенетін бір жасқа дейінгі сәбилер;
- өткір фарингит, тонзилит, бронхитпен (0-5 жасқа), рахитпен (1 жасқа дейін) ауыратын балаларға, темір жетіспеушілігі, анемия (0-18 жасқа дейінгі ба-
лалар) және есепте тұрған әйелдер;
- коронарлық шунттау отасынан және стенттен өткен, жүрек клапаны ауыстырылғандар, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, артериалдық гипертензия, аритмии, пневмония (5-18 балалар мен ересектер) ауруларының барлық түрімен есепте тұрғандар.