17:58, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
Дизельді - рельсті құрамдардың өндірісі бойынша қазақстандық-словакиялық кәсіпорынның 51 пайыз акциясы Қазақстанның үлесінде болады
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Дизельді-рельсті құрамдардың өндірісі бойынша бірлескен қазақстандық-словакиялық кәсіпорынның 51 пайыз акциясы Қазақстанның үлесінде болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы бизнес-форум барысында Алматы вагон жөндеу зауытының президенті Дүйсенбай Дүйсенов айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, нысанның құны 60 миллион АҚШ долларын құрайды. 51 пайыз бақылаушы пакетке Қазақстан тарапы иелік етіп отыр, ал қалған 49 пайызы Словакияның үлесінде.
Атап айтқанда, бірлескен кәсіпорынды құру туралы меморандумға форум барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның президенті Асқар Мамин және «ZOS Vrutky» АҚ-ның басқарма төрағасы Витязослав Мориц қол қойды.
Айта кетейік, кәсіпорын Алматы вагон жөндеу зауыты базасында орналасады. Аталған кәсіпорын «Еуро-4» стандарты тәртібінде жұмыс істейді. ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бірлескен кәсіпорын жылына 10 дизельді- рельсті құрам шығаратын болады.