17:23, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Дмитрий Медведев: Петерборлық халықаралық экономикалық форум пікірсайыс алаңында өзінің қажеттілігін танытты
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ – Петерборлық халықаралық экономикалық форум пікірсайыс алаңында өзінің қажеттілігін танытты.
Бұл туралы Ресей Президенті Дмитрий Медведев өзінің форумға жолдаған құттықтауында мәлімдеді. Форумда мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, сарапшылар мен қоғамдық және іскер топтар өкілдері әлемдік экономиканың үрдісі мен перспективасынан бастап қаржылық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құруға дейінгі өзекті тақырыптарды қарайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РФ Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Д.Медведевтің пікірінше, Петерборлық халықаралық экономикалық форумына қатысушылар экономикалық қауіптерге сай әрекет етудің инновациялық тетіктерін әзірлеуі тиіс.Нева қаласында бүгін басталған халықаралық экономикалық форум маусымның 6-сына дейін созылады.