16:36, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Днестр бойы жанжалы бойынша кең ауқымды келіссөздерді жалғастыру қажет - Молдова вице-премьері Ю.Лянкэ
КИШИНЕВ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Ресми Кишинев Днестр бойы жанжалындағы ең бірінші кезектегі міндет «5 плюс 2» форматындағы кең ауқымды және сындарлы диалогты жалғастыру қажеттігі деп санайды».
Бұл туралы Молдова премьер-министрінің орынбасары-сыртқы істер және еуропалық ықпалдастық министрі Юрие Лянкэ мәлімдеді.
Бүгін Кишиневте ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен келіссөздерден кейін Ю.Лянкэ Молдова жанжалды саяси реттеуді ғана жақтайтынын айтты.
«Біз ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы тарапынан толық түсіністікті және қолдауды, сондай-ақ Днестр бойы жанжалын түпкілікті шешу мақсатында ресми келіссөздерді жалғастыруға жәрдемдесетін ізгі ниетті сезініп отырмыз», - деді Ю.Лянкэ. Молдова премьер-министрінің орынбасары сондай-ақ бұл орайда Астанада «5 плюс 2» тобы өкілдерінің кездесуі және ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық ққамқоршылығымен өтетін келіссөздер маңызды кезең бола алатынын атап өтті.