Дохада Дүниежүзілік пошталық одақ «Қазпошта» АҚ-ға «күміс» сапалы басқару деңгейін берді

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 24 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қатар Мемлекетінің астанасы - Доха қаласында Дүниежүзілік Пошталық Одақтың (ДПО) 25-ші Конгресі болып өтті. Оның жұмысында Одақ құрамына кіретін 192 әлем елдерін өкілдік еткен 1500 жуық делегаттар қатысты.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

15 қазан күні форумның соңғы кезеңі аясында «Қазпошта» АҚ төрағасы Аркен Арыстанов бастаған қазақстандық делегацияның ДПО Бас директоры Эдуард Дайанмен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аталмыш ұйыммен ынтымақтастығының әлеуетті бағыттары мен ұйым қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.

ДПО Бас директоры қызметіндегі өзінің миссиясын аяқтағалы отырған Эдуард Дайан еліміздің ДПО ұйымымен, сонымен қатар, Қазақстанның және өзі өкілдік етіп отырған Францияның пошталық қызметтерінің арасындағы өзара әрекеттестікті дамытуға жеке атсалысқаны үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты мерейтойлық медальмен марапатталды.

Өз кезегінде, ДПО Бас директоры  «Қазпошта» АҚ Төрағасына қазақстандық пошталық байланыс операторының қызмет сапасына «В» деңгейіндегі сертификатты табыс етті. Оның пайымдауынша, қызмет сапасын бақылаудың «күміс» деңгейі ДПО ұйымының қазақстандық пошталық оператордың жүзеге асырып келе жатқан реформаларының тиімділігін қуаттап отырғандығын білдіреді.

Конгресс аясында ұйым қызметінің басты бағыттары мен өндірістік сипаттағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ұйым мен оған мүше мемлекеттер алдағы 4 жылдықта өздерінің пошталық қызметтерінде басшылыққа алатын басты құжат - «Дохалық» Дүниежүзілік пошта стратегиясын бекітті.

Конгресс аясында ДПО ұйымының Әкімшілік кеңесінің және Пошталық қызметті пайдалану кеңесінің мүшелігіне сайлаулар өткізіліп, ДПО-ның жаңа Бас директоры Кения өкілі Бишар Хуссейн сайланды. Бас Директордың орынбасары болып Швейцария өкілі Паскаль-Тьерри Клива тағайындалды.

Конгрестің келесі отырысы 2016 жылы Түркияда өтетін болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар