Дохада ҚР сыртқы істер вице-министрі катарлық әріптесімен кездесті

Кездесу барысында казақстандық дипломат өзінің әріптесіне үстіміздегі жылы 28-30 маусым аралығында Астана қаласында өткелі тұрған Ислам Конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысуға ҚМ Премьер-Министрі, Сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Джасим бен Джабер Әл Тәниге арналған шақыруы бар ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың арнайы хатын табыстады.
М.Әл-Румейхи Қазақстанда тәуелсіздіктің соңғы 20 жылында орын алған оң өзгерістерді атап өтіп, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекет пен аймақ дамуын ауқымды түрде көре білу қабілетін жоғары бағалады. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың зор әлеуетін білдіре отырып, катарлық тарап Қазақстанмен экономикалық, гуманитарлық салаларда, оның ішінде, конфессияаралық үнқатысуды одан әрі дамыту бағытында Қазақстанмен өзара әрекеттесуді тереңдете түсуді жақтайтынын баса айтты.
Кездесу барысында Қ.Омаров сұхбаттасына Қазақстаның ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі төрағалығы кезіндегі қызметінің басымдықтары туралы, сонымен қатар, сол кезеңдегі елімізде өткізілуі жоспарланған шаралар жөнінде әңгімелеп берді.
Катар Мемлекетінің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы аймақтық мәселелерге араласу деңгейін ескере отырып, Катар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің өкілі әлемнің 57 мұсылман елдерін біріктірген беделді халықаралық ұйым шеңберінде жемісті ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Жоғары лауазымды дипломат катарлық тараптың ИКҰ-дағы Қазақстан төрағалығына барынша қолдау көрсететіндігін айтып, осы бір жауапты істе сәттілік тіледі.