«Doing Business-2016» рейтингін жасаушылар кәсіпкерлеріміздің мемлекетке деген сенімін жоғары бағалады - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық сарапшылар бизнесті жүргізудің «Doing Business-2016» рейтингіндегі Қазақстанның 12 орынға көтерілуіне себеп болған бірнеше жайттар туралы айтып берді.
None
None

Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Мақсат Мұхановтың ойынша, Қазақстан бизнес жағдайларды жақсарту бағытында біршама алға жылжыды. М.Мұқанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде атап көрсеткеніндей, Doing Business - әлемдегі ең беделді рейтинг. Инвесторлар елге инвестиция әкелмек бұрын, осы рейтингті негізге алады.

«Меніңше, Қазақстан аталмыш рейтингте жоғарылауы, біріншіден мемлекеттің бизнес үшін ыңғайлы реформаларды іске асыруына қатысты берілген жоғары баға», - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елде іскерлік ахуалды жақсартуға барлық жағдайлар жасалуда. Сонымен қатар алдағы уақытта Мемлекет басшысының биыл жариялаған «100 нақты қадам» реформалар науқаны да болашақта кәсіпкерліктің өрісін кеңейте отырып, рейтингке оң әсер етуі тиіс.

«Біздің елде қолға алынып жатқан бес институционалды реформа халықаралық сарапшылардың бағалауынша, шағын және орта бизнеске, жалпы Қазақстан экономикасына едәуір серпін береді», - дейді М.Мұқанов.

Отандық сарапшы атап өткендей, «Doing Business-2016» рейтингін жасаушылар кәсіпкерлеріміздің мемлекетке деген сенімін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар