12:15, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Доллар бағамы - 147,17 теңге, еуро - 189,00 теңге
АЛМАТЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,17 теңгені (0 ), ал сауда көлемі -163 200 мың долларды құрады (- 95 800 мың доллар).
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде ұсынылған баға бір еуро үшін 189.00 теңгені құрады.
Т+0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәмлелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.