Доллар бағамы - 147,33 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,33 теңгені, ал сауда көлемі 360 415 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,01 теңгеге арзандап, сессия көлемі 360 415 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен де, Т+0 доллар есебімен еуро валютасы бойынша мәлімелер жасалған жоқ. Котировка да болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар