Доллар бағамы тағы да төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 375,44 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 2,28 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 374,9 теңге, ал ең жоғарысы 376 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 35,15 млн долларға жетті.

Т+1 есебімен сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 377,72 теңге, күндізгі сессияда 377,76 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 377,74 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 76,15 млн долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар