Dombyra-информ: «Egemen Qazaqstan» ҚазАқпараттың бастамасын қабыл алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Egemen Qazaqstan» «ҚазАқпарат» ХАА тілшілерінің Ұлттық домбыра күні қарсаңындағы бастамаларын қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Egemen Qazaqstan» басылымының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі фейсбук желісінде видео жариялады. Видеоның астына «ҚазАқпарат» халықаралық агентігіндегі әріптестеріміз #Ұлттық домбыра күніне орай ақ тілек, кең пейілмен арнау арнап, эстафетаны біздің #Егемен Қазақстан газетіне жолдаған еді. Біздікілер де қарап қалмай, дәтүрлі рухани тізбекті әрі қарай жалғап, Ұлттық арнадағы әріптестерге жолдадық. Ал, қабыл алыңыздар! Рауан Қайдар мен Ұларбек Нұрғалымның тартуы»,-деп жазған.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігінің қызметкерлері Ұлттық домбыра күні қарсаңында әріптестерін Dombyra-информға шақырған болатын.

Мұндағы мақсат Мемлекет басшысы жариялаған  Ұлттық домбыра күні мерекесіне үлес қосу.   

Агенттіктің шығарушы редакторы Ербол Жанат пен тілші Аян Өрібаев ақпаратты домбыра арқылы халыққа ұсынды. Екі жарым минуттық шағын роликте ақпаратты өлеңмен өрнектеген агенттіктің қызметкерлері ізгі бастаманы басқа да журналист әріптестеріне жолдаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар