Доминикан Республикасында Астананың ЕХРО-2017 өткізуге өтінімінің таныстырылымы болды

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының ЕХРО-2017 өткізу жөніндегі өтінімін алға жылжыту бағдарламасы ауқымында 19 қазанда Доминикан Республикасының астанасы - Санто-Домингода ҚР сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, АСТАНА ЕХСО-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаевтың келіссөзері өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қазақстандық делегацияның осындай деңгейде Доминикан Республикасында 2011 жылғы 7 маусымда осы елмен дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бергі алғашқы сапар болды.

Р.Жошыбаевтың Доминикан Республикасының сыртқы істер министрліінінің бас хатшысы Аксел Витткоппен және айрықша тапсырмалар жөніндегі елші Рафаэль Мэломен кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде шарттық-құқықты базаны кеңейту,  үкіметаралық комиссияны қалыптастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ Доминикан Республикасына Қазақстанның ресми тұлғалары мен кәсіпкерлерінің сапарын ұйымдастыру сияқты мәселелер талқыланды. Кездесу кезінде Астананың ЕХРО-2017 өткізу жөніндегі өтінімінің таныстырылымы өткізіліп, қазақстандық тараптың ұстанымы түсіндірілді.

Доминикан тарапы Қазақстан ұсынып отырған «Болашақтың энергиясы» тақырыбына қызығушылығын білдірді. Атап айтанда, шетелдік дипломаттар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядроға қарсы және экологиялық бастамалары қауіпсіздік, экология және энергияның балама көздерін іздестіру саласындағы жаһандық проблемаларды шешуге жәрдемдесетінін атап көрсетті. Келіссөздер барысында Бас хатшы Аксел Витткоп Доминикан Республикасының сыртқы істер министрлігі таяудағы күндері Астананың кандидатурасын қолдау жөнінде ресми нота жолдайтынын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар