Дөңгелек үстел әңгімесі тілдерді дамыту жөніндегі бағдарламаны талқылауға арналды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы» туралы дөңге­лек үстел отырысы өткізілді.
None
None

Жиынды ашқан қала әкімі Мархабат Жайымбетов жалпы тілге қатысты Қызылорда қаласындағы атқарыл­ған жұмыс­тар­ды атап өтті. Одан әрі күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ҚР Мәде­ниет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров баяндама жасады. Жалпы, бағдарламада мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру мәселесі көтерілген. Бұл ретте тегін курстарды ұйымдастыру қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге шет елдердегі қазақ диаспорасы өкіл­дерінің ана тілін оқып-үйренуіне саяси дипломатиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсе­туіміз шарт. Қазақ терминологиясын бір жүйеге келтіру міндеті де күн тәртібінде тұр.

Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры Ербол Тілешов мемлекеттік деңгейде көтеріліп отырған тіл мәселесіне қолдау білдіріп, оған барша қауымның бір кісідей үлес қосуы керектігін мәлімдеді. Белгілі ғалым, ұстаздар Бағдат Кәрібозұлы, Жеңіс Сәдуа­қас­ұлы тілдік сөз қорымызды байыту мәселесі балабақшадан бастау алуы тиістігін және жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінің практикалық курсы» пәнін оқыту қажеттігін айтты.

«Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісі Елена Рыбина қазақ тілін оқып-үйренуге ықылас болса, оны меңгеру аса қиындық туғызбайтынын жеткізіп, мемлекеттік тіл аясын кеңейту бағытында бар күш-жігерін жұмсай­тынына сенім білдірді. Облыстық мәслихаттың депутаты Шәкизада Әбді­кәрімов, Өзбек этномәдени бірлесті­гі­нің төрағасы Ашур Хамидов, ұстаз-ғалым Аман Абасилов және басқалар мемлекеттік тіл төңірегінде өзіндік пайым­дауларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар