14:37, 03 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Допты хоккей: «Ақжайық» жаңа маусымды сәтті бастады
ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» биылғы маусымды сәтті бастады.

Оралдықтар 1-2 желтоқсан күндері Верхний Уфалей қаласында «Никельщик» командасымен екі ойын өткізіп, төрт ұпайға қол жеткізді.
Алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталса, екінші кездесуінде «Ақжайық» 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазіргі кезде екінші топта екінші орында тұрған оралдықтар келесі ойындарын 8-9 желтоқсанда тағы да сырт алаңда, бұл жолы Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен өткізеді.