17:55, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» биылғы маусымдағы өз айдынындағы соңғы ойындарын өткізді
ОРАЛ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 16-17 ақпанда өз айдынында Краснотурьинскінің «Динамо-Маяк» командасын қабылдады.

Бірінші кездесу 4:4 есебімен тең аяқталса, екінші күні оралдықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті. Қазіргі кезде 40 ұпаймен екінші топта 5-орында келе жатқан «Ақжайық» 23-24 ақпанда Орынборда «Локомотив» командасымен күш сынасады. Бұл биылғы маусымдағы қорытынды кездесулер болмақ.