Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» көш соңында келеді

ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» көш соңында келеді.
None
None

«Ақжайық» соңғы кездесулерін 27 және 28 желтоқсанда Ульяновскіде жергілікті «Волга-2» командасымен өткізіп, екі матчта да 1:7 және 1:10 есебімен жеңіліс тапты.

Александр Ионкин шәкірттерінің еншісінде он ойыннан кейін бір ғана ұпай бар, турнир кестесінде олар әлі бірде-бір ұпай алмаған Самараның ЦСК ВВС командасынан ғана жоғары тұр, басқалары бұл екеуінен қара үзіп кетті. Мұның бір себебі - «Ақжайықта» биыл жергілікті жас ойыншылар ойнайды, бірде-бір легионер жоқ.

Оралдық команда келесі ойындарын жаңа жылда өткізеді.

Соңғы жаңалықтар