Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» бүгін өз айдынындағы алғашқы ойынын өткізеді

ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» желтоқсанның 22-23-інде өз айдынындағы алғашқы ойындарын Нерехтаның «Старт» командасымен өткізеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдықтар мұның алдындағы кездесулерінде сырт айдында ойнаған болатын. Команда бастығы Сәулет Рафиковтың айтуынша, маусымашар бәсекеде батысқазақстандықтар Самарада жергілікті ЦСК ВВС командасынан 1:2 және 2:5 есебімен жеңіліс тапса, одан кейінгі ойындарын Саратовта сәттілеу өткізді. Мұнда «Ақжайық» бірінші матчта 4:3 есебімен ұтса, екіншісінде 5:5 есебімен тең ойнады.

Биыл бірінші топқа сегізінші команда ретінде Димитровградтың «Черемшаны» қосылды.

Соңғы жаңалықтар