Достастық елдерінің көші-қон қызметтерінің басшылары заңсыз миграциямен күресу бағдарламаларын талқылайды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД елдерінің көші-қон органдарының басшылары ағымдағы аптада өтетін кезекті отырысында ТМД елдерінің Заңсыз көші-қонмен күресудің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын орындау және 2012-2014 жылдарға арналған осындай бағдарламаны әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды талқылайды.
None
None

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәжіліс қыркүйектің 29-ында Бакуде өтеді. Онда әр елдің өкілдері өз әріптестерін орнықты миграциялық жағдайды сақтау жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етеді. Сондай-ақ көші-қон саласындағы модельдік заңдарды әзірлеудің барысы туралы ағымдағы мәселелер талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар