13:49, 30 Шілде 2012 | GMT +5
«Достық» кеденінде құжаттары жоқ тауарлар салынған контейнерлер анықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 30 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты «Достық» кеденінің контрабандамен күрес бөлімінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан көлікпен келген тиісті құжатсыз тауарлар тиелген күдікті контейнерді анықтады.

«Достық» кеденінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кедендік бақылау барысында құжатта көрсетілген 1017 орындық жүктің артығы байқалған. Сондай-ақ тауарлардың жалпы құны 42 159 АҚШ долларын құрады, алайда жалған құжаттар арқылы тасымалданған сулы сорғыштар, бензопил мен бұрандалы бекіткіштер артық болған.
Қазіргі уақытта алынған тауарлардың кедендік құнын анықтау жүргізілуде. Бұл факті бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр.