16:12, 02 Маусым 2009 | GMT +5
«Достық» кеденінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы белсенді күрес жүргізілуде
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – «Достық» кеденінің ішкі қауіпсіздік бөлімі жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы белсенді күрес жүргізуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кеден бекетінде жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықты ашу, алдын алу және ізін кесу бойынша жұмыстарды күшейтуге бағытталған ұйымдастыру-практикалық іс-шараларының кешендері әзірленген және ойдағыдай жұмыс істейді. 2009 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімі қиянатшыл қызметкерлерге қатысты 3 қылмыстық іс қозғады. Бір сыбайлас жемқорлық заң бұзушылығы ашылды.Сонымен қатар, «сенім телефоны» орнатылды. Ол бойынша кеден қызметкерлерінің заңға қайшы іс-қимылдары орын алған жағдайларда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар байланыс орната алады.