«Достық» кеденінде тұрмыстық техниканың ішінде арнайы техникалық құрал табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Достық стансасында «Үрімші-Алматы» халықаралық пойызымен жүрген 41 жастағы ер адам ұсталды.
None
None

Кедендік тексеру барысында кеден қызметкерлері оның спорттық сөмкесінен бір-бірімен металдық шынжырмен бекітілген жауынгерлік ұрыста пайдаланылатын техникалық құралдың екі данасын анықтап, тәркіледі. Ұсталған азаматтың айтуынша, аталған заттарды ол ҚХР-дың Үрімші қаласында жеке қолдану үшін сатып алған.

«Достық» кеденінің қызметкері Алтынай Тойшыбекованың хабарлауынша, сол күні «Алашаңқай-Достық» бағытындағы автобустың жолаушысынан ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құрал анықталып, алынды. Ол автоқалам ретінде күріш пісіретін тұрмыстық құралдың ішіне салынған еді.

Аталған фактілер бойынша тексеру шаралары өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар