«Достықтағы» ынтымақтастық қарқынды дамып келеді

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Республика Президенті Н.Назарбаевтың көрші мемлекеттермен ара-қатынасты нығайту және елдің экономикасын тұрақтандыру мақсатында, арадағы сауда-саттық тауар айналымын жүзеге асыру туралы тапсырмасына сәйкес осыдан 20 жыл уақыт бұрын Алматы облысы Алакөл ауданының "Достық" стансысында Қазақстан Республикасы мен ҚХР-дың арасына қатынайтын халықаралық «Достық-Алашаңқай» теміржолы ашылған еді, деп хабарлайды Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД баспасөз қызметінен Сандуғаш Мүслімова.
None
None

Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін жапқалы бері шет елдермен қатынастағы негізгі жол болып табылатын бұл өлкедегі теміржол бағытымен сан-алуан тауар түрлері екі елге өткізіліп келеді. Қыстың күні табиғаты қатал Алакөл ауданының бұл аймағы ұдайы соғатын суық боранымен ерекшеленеді.

Салтанатты мереке кезінде Қытай Республикасынан арнайы шыққан делегацияны қарсы алу мен өткізіліп жатқан іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының барлығын Достық ЖІІБ-нің қызметкерлері атқарды. Екі аралыққа көлік қатынасы қосылған осы 20 жыл ішінде ерекше еңбегі сіңген азаматтардың аттары аталып, атқарған еңбектеріне қарай марапатталды. Айтулы шара барысында ішкі және сыртқы тәртіпті бақылап, қылмыс пен бұзақылықтың алдын алып отырған Достық ЖІІБ-нің бастығы полиция подполковнигі Ерлан Әлімбековке Қазақстан мен Қытай халықаралық «Достық-Алашаңқай» теміржолының ашылуына 20 жыл толуы мерекесіне арналған медальмен марапатталды.

1990 жылы 82 тұрғыны бар стансыны мекендеп отырған халық саны бүгінде 7613-ке жеткен. Оның 1160-ы мектеп оқушылары болса, 618-і әлі сабаққа бара қоймаған бүлдіршіндер. «Достықта» 4500 адам теміржол саласында істейді, ал стансының өзінде 800 қызметкер бар. Стансыда 2 банк, 2 аурухана, жалпы 25 мемлекеттік ұйым мен 17 теміржол бөлімшесі, 2 мектеп, 2 балабақша халыққа қызмет көрсетіп отыр. Сондай-ақ, мұнда 3 байланыс бөлімшесі, 78 орта және шағын бизнес нысандары жұмыс істейді. 2007 жылдан бастап бұл стансыда 3000-нан астам ағаш пен гүл отырғызылды.

Шөлейт мекенді тұрақтаған тұрғындарға арнап жергілікті әкімшілік сол күні арнайы көгалдандырылған саябақ ашып, тұрғындар игілігіне ұсынды. Кеш соңы қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарының қатысуымен және жергілікті тұрғындардың ұйымдастыруымен өткізілген концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар