ДСҰ-ға кірер алдында бірқатар проблемалы мәселелерді шешу керек - ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі

АЛМАТЫ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Келіссөздер процесі барысында шешімін таппаған әлі де бірқатар проблемалық мәселелер бар.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда «Кедендік одақ және ДСҰ: аймақтық және ғаламдық мақсаттар - Ресей және Қазақстан» атты конференцияда ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

 «Соңғы кезеңде бұл мәселелерді талқылау және мәмілелерге қол жеткізу өте қиын процесс болып табылады. Бұл, ДСҰ-ға жақында ғана кірген елдердің, соның ішінде біздің Кедендік одақ бойынша серіктесіміз - Ресей Федерациясының тәжірибесінен көрінуде», - деді ол.

Осындай мәселелердің бірі ретінде Ж.Айтжанова ауылшаруашылық саласын субсидиялау көлемдерін атады. «Бүгінде бұл салаға көрсетіліп отырған көмек - Үкімет өз тарапынан көрсете алатын ең жоғарғы емес. Сондықтан біз ауыл шаруашылығы саласын дамыту және дамытуды қолдау бойынша ұзақмерзімді бағдарламаларымызды есепке алудамыз», - деп қосып өтті министр.

Ол сондай-ақ Қазақстан ауылдарында халықтың 46 пайызға жуығы тұратынын, олардың жалақысы, әл-ауқаты өздері шығарған тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей қатысты екенін атап өтті.

«Мемлекет біздің өндірушілерімізге, шаруаларымызға бағалық көмек көрсету үшін субсидияларды бөлуде. Сондықтан біздің келіссөздеріміздің  мақсаты жүзеге асқаны маңызды болып табылады», - деп мәлімдеді министр.

Соңғы жаңалықтар