Дүкен тонаған қылмыстық топ Оңтүстік Қазақстанда қолға түсті

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тамыз айының ішінде бірнеше тонаушылық жасаған қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабардайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Тамыздың 15-і күні күндіз дүкендердің біріне бетперде киген белгісіз біреулер кіріп келіп, кассадан 70 мың теңге, сонымен қатар «Актив» байланыс жүйесінің 55 мың теңге көлеміндегі төлем карталарын ұрлап кеткен. «Қылмыскерлердің екінші қарақшылығы тамыздың 20-ы күні түнде жүзеге асқан. Қаладағы дүкендердің бірінде сатушыға қару кезене отырып, бетперде киген үш адам кассадан 100 мың теңгені жымқырады», - дейді баспасөз қызметтің өкілі Ақмаржан Мырзахметова.

Екі күн өткен соң тағы бір қылмыс жасалады. Түрлерін жасырған тағы үш адам дүкендердің бірінен 50 мың теңге мен 68 мың теңге көлеміндегі «Актив» байланыс жүйесінің төлем карталарын ашықтан-ашық алып кетеді. Келесі күні тағы бір кәсіпкер полиция бөлімшесіне келіп, оқ атылатын қаруы бар, бетперде киген үш адамның дүкеніне кіріп келіп, 15 мың теңгесін алған соң, көлікке отырып қашып кеткендігін айтады. Полицияға хабарласқан кезекті жәбірленуші Мақтаарал ауданындағы ақша айырбастау бөлімінің қызметкері болған.

Зардап шеккен адам қылмыскерлерді жалпы сипаттап бере алады. Соңғы уақытта қала іші мен Мақтаарал ауданында жасалған қылмыстарды зерттей отырып, жедел із кесушілер қарақшылықтардың артында бір қылмыстық топ тұр деген шешімге келеді. Бір апта өткен соң полиция қызметкерлері төрт күдікті адамның ізіне түседі. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары, жұмыстары жоқ, бұрын сотталмаған. Араларындағы ең үлкені 23 жаста болса, жасы кішісі 19-да. Зардап шеккендердің жалпы шығыны 7 млн. теңгені құраған.

«Қарақшылық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар