Дүниежүзілік банк пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік жаңғырту шеңберінде ынтымақтастық жасайды

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік банк пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жаңғырту шеңберінде бірлескен шаралар өткізеді,
None
None

деп хабарлады Бүкіләлемдік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая рm. kz сайтына.

«Біз, әлеуметтік жаңғыртуға тікелей үлес қосатын  денсаулық сақтау секторының бірқатар шаралары бойынша министрлікпен бірлесіп жұмыс істемекпіз». - деді Шебнем Аккая.

Бұл жерде ол Қазақстан Президенті ұсынған әлеуметтік жаңғырту стратегиясы - мемлекет пен азаматтардың  әлеуметтік саладағы жұмыс тиімділігін арттырудағы жауапкершіліктерін қамтамасыз ету жолындағы іс-әрекеттері мен міндеттеріне баршаның назарын аударудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Бүкіләлемдік банктің өкілі денсаулық сақтау саласындағы сұраныстарды тегіс қамтитын тегін медициналық көмектің кепілдендірген көлемін оңтайландыру -  әлеуметтік жаңғыртудағы анағұрлым маңызды жобалардың бірі екенін атап өтті.   

Сонымен қатар, Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету  жақсартылып, мазмұны нақтыланған, негізгі дәрілік құралдардың оңтайландырылған жиынтығы енгізілген жаңа Ұлттық нысандама  жасау және  еліміздің барлық өңірлерінде 16 дәрі-дәрмектік ақпараттық орталық құру - басым жобалар болып табылады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы менеджерлері үшін жаңа кәсіби стандарттар жиынтығын әзірлеу, дәлелдемелік медицинаға негізделген клиникалық практика бойынша нұсқаулықтар  әзірлеу қажет, сонымен қатар, медициналық оқу орындарының бітірушілері мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын бағалаудың тәуелсіз жүйесін құру  да дұрыс таңдалған бағыттағы маңызды қадам болып есептеледі.

«Осыған байланысты, азаматтардың өз денсаулықтары үшін жауапкершіліктерін   түсіне білуі қажеттігі қашан да өз мәнін жоймайды», - деп қосты ол.

Денсаулық сақтау саласындағы реформа қоғам тарапынан кең қолдауды қажет етеді. Аталған жағдайда медициналық қызмет көрсетудің жаңа жүйесін құру және қолдау барысында әкімдіктердің көтеретін жүгі ауыр, деп аяқтады сөзін Ш.Аккая.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында денсаулық сақтау саласын, оның ішінде дәрігерлердің азаматтардың денсаулығына залал келтіргені үшін кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру және жұртшылықтың дәрі-дәрмекті қолдануға қатысты түсініктерінің деңгейін көтеру бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Соңғы жаңалықтар