Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған шараларына оң баға беруде

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дүниежүзілік банктің Бизнесті жүргізу саласындағы реформалар бойынша техникалық көмек департаментінің сарапшылар тобы Қазақстан Үкіметінің кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған әркеттеріне оң баға беруде.
None
None
Оны бүгін Алматыда аталған банктің аға экономисі Стефка Славова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан Үкіметі бірқатар негізгі бағыттар бойынша реформаларды сәтті жүзеге асыруда. Олар кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, халықаралық сауда, жылжымайтын мүлікті беру, инвесторларды қорғау, несие алу және оны өтей алмаған жағдайларда мәселені шешу», дейді Стефка Славова. Оның айтуынша, сарапшылар тобы бұл шешімге бизнесті жүргізудің негізгі 10 қағидаты бойынша бірнеше айдан бері жүргізілген зерттеу қорытындысында келіп отыр. Бизнесті жүргізу жағынан биыл Қазақстан әлемдік рейтингте 80-ші орыннан 70-ші сатыға көтеріліп отыр. Реформалардың нәтижесінде алдағы уақытта бұдан да ілгерілей түсуге мүмкіндігі мол.
Соңғы жаңалықтар
Референдум