Дүниежүзілік туристік ұйым жанындағы ҚР тұрақты өкілі Катовице қаласында өткен ЮНВТО-ның 52-ші отырысына қатысты
деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырыс аясында талқыланған сұрақтардың бірі туризм саласындағы үрдістерге қатысатын әртүрлі мемлекет, кәсіпорын және туристер үшін бағдарлану жүйесіне айналуға шақыратын жаһандық эстетикалық туризм кодексін жасап шығару мәселесі болды. Сонымен қатар туристік саланы реттеу деңгейін дамыту, соның ішінде туристердің құқықтары мен міндеттерінен тұратын халықаралық ережелерді дайындау жолымен дамыту қажеттілігі аталып өтілді.
Іс-шараға қатысушылар алдында сөз алған ЮНВТО-ның бас хатшысы Т. Рифаи 2010 жылдағы осы саланың дамуына тоқтала отырып, туризм саласының дамуы 2011 жылы да жалғасатындығын, тек бұл үрдіс баяу қарқынмен жүретіндігін жеткізді.
ЮНВТО жетекшісінің атап өткеніндей, шешілмеген мәселелер, атап айтқанда, жұмыссыздық, осы салаға салынатын салықтың өсуі мен инфляцияға қатысты мәселелер көп. Сонымен қатар ол ЮНВТО-тың БҰҰ жүйесіндегі басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл орнату деңгейін арттыру керектігін баса айтты.
Өңірдегі туризимді дамыту болашағына арналған пікірталас барысында Е.Бөлегенов іс-шара делегаттары алдында сөз ала отырып, біздің еліміздің туристік саланы дамыту жолында қолға алып жатқан шаралармен таныстырды.