13:51, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Ф.Франджиалли Қазақстанға сапармен келді
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың шақыруымен бүгін Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Франческо Франджиалли келді,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа министрліктің баспасөз қызметінен. Франческо Франджиалли ағымдағы жылдың қазан айында Астанада өтетін Дүниежүзілік туристік ұйым Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясын өткізу жөніндегі сарапшы-кеңесші болып тағайындалған. Министр Т.Досмұхамбетовтың айтуынша, «Дүниежүзілік туристік ұйым Қазақстандағы туризмді дамытуда үлкен роль атқарады. Ұйымның ұсыныс-кеңестерін ұстанып және әлемдік туризмнің даму үрдістерін ескере отырып, Қазақстан әлемдік және ішкі кеңістікте бәсекелес туристік кеңістік қалыптастыру мақсатында бұл нарықта еліміздің бірегей табиғи әлеуеті мен туристік ресурстарын оңтайлы пайдалану жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізуде».