Душанбеде Тәжікстан-Қазақстан бизнес-форумы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасына сілтеме жасап.
Оны «Kaznex Invest» Экспорт және инвестиялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды. Бұл шараға Тәжікстанның іскерлік қауымдастықтарының сауда-сатып алу, өндірістік және коммерциялық ұйымдарының өкілдері қатысты. Онда қазақстандық кәсіпкерлер үшін өзекті мәселе болып табылатын Тәжікстан Республикасындағы инвестициялық ахуал мен инвестициялық жобалар, заңдық құқықтар және шетелдік инвесторлар үшін кепілдіктер жайы жан-жақты талқыланды. Форум аясында өткен іскерлік кездесулердің нәтижесінде екі елдің кәсіпкерлері арасында «Алтын май» ЖШС мен «Ал Тохир» фирмасы, «Басф Орталық Азия» ЖШС мен «Таджбилдинжиниринг» және «Шымкентмай» АҚ мен «Турсунов» ЖК арасында 2 миллион доллардың келісімшарттары жасалды.
«Бұл форум қазақстандық өндірісшілерге Тәжікстан тарапымен тікелей байланыс орнатуға және өз өнімдерін тұтынуда жаңа нарықтар табуына көмектеседі. Біз өз тарапымыздан екі арада туындайтын қандай да бір мәселелерді шешіп, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге бағытталған нақты шараларды жасауға көмектесуге әзірміз», дейді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ерлан Қожасбай.