Душанбеде ТМД елдері үкіметтері басшыларының отырысы өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбеде ТМД елдері үкіметтері басшыларының отырысы өтуде, деп хабарлады Тәжікстан телеграф агенттігі.
None
None

Қатысушылар ондаған мәселелерді талқылайды, олардың арасында ТМД-ға мүше мемлекеттердің әуе қорғанысын дамыту мәселесі бар.

Отырысқа қатысушыларды таңертең Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Еске сала кетейік, отырыста қарауға 40 құжат ұсынылды. Сондай-ақ ТМД елдерінде халықаралық электр байланысы қызметін көрсетуде оператораралық өзара есепті жүзеге асыру талаптары туралы келісім жобасы қол қоюға дайындалды. 2020 жылға дейін ТМД экономикалық даму стратегиясының үшінші кезеңін жүзеге асыру бойынша жоспарды қабылдау көзделген. 2016 жылы ТМД құрылғанының 25 жылдығын тойлауға арналған шаралар жоспарын бекіту межеленді. 2016 жылы Қырғызстан ТМД-ға төрағалық етеді.

Соңғы жаңалықтар