Душанбедегі дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесімен танысты

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Душанбеде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күніне орай Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының Ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі агенттігі елшілікпен бірлесе отырып дөңгелек үстел ұйымдастырды.
None
None

Дөңгелек үстел жұмысына Тәжікстанның әртүрлі министрліктері мен ведомство өкілдері, ғылыми орта мен қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады Тәжікстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметі.

Тәжікстан Республикасындағы Қазақстанның елшісі Әбутәліп Ахметов өз баяндамасында жиналған қауымға БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауына ие болған, Қазақстанның тамыздың 29-ын Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау бастамасы туралы ақпарат берді. Елші ядролық сынақ полигондарының тарихына, «Невада-Семей» қозғалысының қызметі мен тәуелсіз Қазақстанның қаруды таратпаушылық режимін нығайтуға қосқан үлесіне ерекше тоқталды.

Қонақтар Семейдегі полигон зардаптарына дәлел болатын, сондай-ақ Қазақстан мен МАГАТЭ арасындағы ынтымақтастықты бейнелейтін фотокөрмені тамашалады.

Соңғы жаңалықтар