Дзюдодан әлем чемпионын облыс әкімі қабылдады - Қызылорда (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев дзюдодан жастар арасында әлем чемпионы Мағжан Шамшадинді қабылдады. Әкім жас спортшыны жетістігімен құттықтап, ақшалай сертификат табыстады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Еске сала кетейік, қызылордалық дзюдошы Мағжан Шамшадин үстіміздегі жылдың 24-27 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиде жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ол 55 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Достон Рузиевті, армениялық Ваган Ховсепянды, әзербайжандық Натиг Гурбанлиді, жартылай финалдық кездесуде грузиялық Ираклий Купанадзені ұтты. Ал финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ха Рим Лимен кездесіп, жеңді. Айта кетейік, Мағжан Шамшадин дзюдо бойынша Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші әлем чемпионы.

М.Шамшадин 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді. Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжде 2-курста оқиды.

- Мемлекет басшысының қолдауының арқасында спорт саласындағы жетістіктеріміз еселеніп өсуде. Бұл байрақты бәсекеде Мағжан ғана жалғыз алтынға қол жеткізді. Атақ, мансапқа берілме. Әлі алда даңғыл, жұлдызды жол бар. Бүкіл Сыр елі, қазақ елі саған тілекші. Біз саған әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Соңғы жаңалықтар