Дзюдошы А.Галстян Ресейге алғашқы «алтын» әкелді

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Дзюдошы Арсен Галстян Ресейге алғашқы «алтын» әкелді
None
None

 Ол шешуші жекпе-жекте  жапондық Хироаки Хираокуды жеңді, деп хабарлады BBC Russian.

60 келіден жоғары бұл кездесу небәрі 41 секундқа созылды. Қарсыласының қателескенін ұтымды пайдаланған ресейлік мүмкіндікті қалт жібермеді.

Айта кетсек, оның жартылай финалда өзбекстандық 2010 және 2011 жылдардағы әлем чемпионы Ришод Собиров болған еді. Оны қосымша раунда ғана жеңудің сәті түскен болатын.   

Соңғы жаңалықтар