14:52, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Дзюдошы Тимур Болат азулы қарсыласын алып ұрды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Лондон олимпиадасында 90 келі салмақ санатына дейін татамиге көтерілген дзюдошы Тимур Болат қарсыласын таза жеңді.

Әлемдік рейтингте 27-ші орында тұрған 27 жастағы қазақстандық татами шебері 30 жастағы тәжірибелі мысырлық дзюдошы Хешам Месбахты иппон әдісімен таза жеңді.