Е.Біртанов өскемендіктерге міндетті медициналық сақтандыру саласындағы жаңалықтарды түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов Өскеменде өңірдің медициналық саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық мәселелері талқыланды. Вице-министр денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жаңа форматына көшудің негізгі кезеңдерін түсіндіріп берді.
None
None

Медициналық сақтандыру - халықтың арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз ететін жүйе. Оған сәйкес, сақтандыру жарналарын жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс беруші мекемелері төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады.

Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударып отырады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.
Шығыс Қазақстан өңіріне жасаған сапары барысында вице-министр таяуда ғана мемлекеттік жеке-серіктестік аясында салынып, таяуда ғана ашылған Гематология орталығында болды. Е.Біртанов емделушілерге жайлы жағдай жасалғанына, көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының жоғарлығына, сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне арналған қомақты әлеуметтік топтамаға айрықша назар аударды.

Соңғы жаңалықтар