«Е-лицензиялау» сыртқы порталында өтінім беру қызметі уақытша тоқтатылды

Хабараламада айтылғандай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылы 21 қаңтардағы №34 «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының бекітілуіне байланысты «Е-лицензиялау» электрондық портал жүйесіне радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану пайдалануға рұқсат алу бөлімінде жаңарту жұмыстары жүргізілуде. «Жоғарыдағыны ескере отырып, «Е-лицензиялау» сыртқы порталында радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану пайдалануға рұқсат алу бөлімі 2015 жылдың 10 тамызына дейін уақытша тоқтатылды», делінген онда.